
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында дәріхананың есігін бүлдірген ер адам бес тәулікке қамауға алынды.
Оқиға Бөрлі аудандық полиция бөлімінің Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарау кезінде анықталған.
Бейнежазбадан ер адамның ғимарат алдында тұрған қоқыс контейнерімен дәріхананың әйнек есігін бірнеше рет ұрғаны көрінеді.
Полицейлер оқиға орнына жедел жетіп, құқық бұзушыны ұстады. Ол алкогольдік масаң күйде болған Ақсай қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.
Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция бөтеннің мүлкін бүлдіру заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.
В Атырау +21.3