Атырау, 14 қазан 15:22
 дождьВ Атырау +21.3
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Қазақстанда пастерленген түйе сүті стандарты қабылданды: экспортқа жол ашылды

71 рет қаралды

Қазақстанда пастерленген түйе сүтіне арналған ұлттық стандарт бекітілді.

«СТ РК 4050-2026. Пастерленген түйе сүті. Техникалық шарттар» деп аталатын құжат 2026 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енеді.

Стандарт Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 11 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілді. Құжатты «ҚазСтандарт» РМК 2026 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспары аясында әзірлеген. Өтінім беруші ретінде «Антиген» ғылыми-өндірістік компаниясы аталды.

Түйе сүті Қазақстанда дәстүрлі түрде шұбат пен қымыран дайындау үшін пайдаланылады. Алайда соңғы жылдары оның негізінде өндірілетін өнімдердің түр-түрі айтарлықтай кеңейді.

Бүгінде түйе сүтінен балмұздақ пен конфитюр өндіріледі, сондай-ақ ол кофе дайындауда қолданылады. Осындай сусындардың бірі «камелчино» деп аталады. Бұл — түйе сүтінен дайындалатын капучиноның бір түрі.

Жаңа стандарт пастерленген өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ оны таңбалау, қаптау, тасымалдау және сақтау талаптарына қатысты нормаларды белгілейді. Бұдан бөлек, құжатта өнімнің терминологиясы, жіктелуі және негізгі сапа көрсеткіштері айқындалған.

Бірыңғай талаптар қазақстандық кәсіпорындарға өнім түрлерін көбейтіп, отандық нарықта да, шетелде де өнімдерін белсенді түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Экспортты дамытуға әлеуеті бар бағыттардың қатарында ЕАЭО елдері, Қытай және Таяу Шығыс мемлекеттері аталады.

Сондай-ақ жаңа стандартты енгізу қазақстандық түйе сүтінен жасалған өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, сыртқы нарықтарда танымал болуына ықпал етуі тиіс.

Бүгін, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.