Атырау, 24 қараша 11:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Протон-М зардабын есептеп біттік

1 608 просмотра
2013 жылы 2 шілдеде құлаған «Протон-М» зымыран тасығышының қоршаған ортаға келтірген зиянын 4,5 ай дегенде әрең есептеп, Ресей тарапына ұсындық. Халық шулап кетпеуі үшін, шығын сомасыy әзірге жарияламауды жөн көріпті құзырлы мекеме.

«Шілдедегі апаттың зардабын қаншаға бағалағанымызды әзірге құпия сақтап отыра тұрсақ. Халықты дүрліктірмейік. Шығынды есептеп, Ресей жағына ұсындық. Біздің мамандар шығарған есеп көңілге қона ма, жоқ па соны Ресей билігі талқылап жатыр. Мұны алдағы уақытта өтетін келіссөздер кезінде қарастырамыз, Ресей тарапының бұған не дейтінін әзірге білмейміз», - дейді Бектас Мұхамеджанов.
«Сонымен қатар, гептилмен жұмыс істейтін зымырандарды басқа тасығыштарға ауыстыру мәселесін бүгінге дейін талқылап келдік. Мемлекет те «Бәйтерек» жобасын жасауға қаржы бөлгенін білесіздер. Алайда, сол кездегі жобаны іске асырушылар тойымсыздықпен бөлінген бүкіл қаржыны тонап бітірді. Ал жоба сол күйі жүзеге аспады», - дейді вице-министр.
Оның айтуынша, гептилді зымыран тасығышты қысқартуға министрлік те мүдделі. Қазір Украинаның «Днепр» зымыран тасығышын пайдалану мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бұл жобаны бірге дамытуға ресейліктер де қарсы емес. Протонды біртіндеп жоюдың жолы осы көрінеді.
«Жыл басында үкіметке хат жолдап, биылғы жылдың соңына дейін 8 Протон ұшырумен шектелсек деген ұсыныс жасадық. Алайда, өздеріңіз білесіздер, үкіметтің қаулысымен жыл соңына дейін 15 Протон ұшыру жоспарланған. Сондықтан үкімет бұл ұсынысымызбен келіспей отыр. Әзірге ресейліктер 8 немесе 9 зымыран тасығышын ұшырды. Жыл соңына дейін бөлген квотаны игере ме, жоқ па ол Ресейдің еншісіндегі дүние», - дейді Б.Мұхамеджанов.

Дереккөз: Baq.kz

15 қараша 2013, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.