Атырау, 24 қараша 11:58
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі құрылды

3 341 просмотра

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі құрылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін (бұдан әрі - Агенттік) бөлу жолымен оған:  Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінен (Монополияға қарсы агенттік) - тұтынушылардың құқықтарын қорғау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы; Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен - тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын», - делінген сайтта жарияланған жарлықтың мәтінінде.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн (бұдан әрі - Комитет) тарату тапсырылды. Сонымен қатар, таратылатын Комитеттің және жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың тиісті штат санын жаңадан құрылған Агенттікке беруді қамтамасыз ету, таратылатын Комитеттің құқықтары мен міндеттері бойынша Агенттікті құқықтық мирасқоры деп белгілеу де тапсырылды. 

«Агенттікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган деп белгілесін, сондай-ақ оған тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі функциялар берілсін», - делінген жарлықта.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

15 қараша 2013, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.