Атырау, 12 қазан 17:08
 дождьВ Атырау +25.7
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

​Атырауда «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

107 рет қаралды

Атырауда «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі сынға түсетін «KMG Skills» чемпионаты басталды. 

12-14 қазан аралығында өтетін байқауда 18 еншілес ұйымнан келген 120 жұмысшы бақ сынайды. Чемпионат екінші рет ұйымдастырылып отыр. 

Жарыс 12 мамандық бойынша өтеді. Олардың қатарында мұнай және газ өндіру, қабат қысымын ұстап тұру, мұнайды дайындау операторлары, химиялық талдау зертханашылары, электромонтерлер, электр-газбен дәнекерлеушілер, сондай-ақ аспаптар мен автоматика, жабдықтарды жөндеу слесарьлері бар. Сонымен қатар компрессорлық қондырғы мен сорғы машинистері және токарьлер өзара мықтыны анықтайды.

Қатысушылардың сайысы үш кезеңнен тұрады: қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуын анықтау, алғашқы медициналық көмек көрсету, мамандық бойынша практикалық тапсырмаларды орындау.

Сынақтар «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» мен APEC PetroTechnic жоғары колледжінің алаңдарында ұйымдастырылып жатыр. 

Қатысушылардың жұмысын әділ бағалау үшін 40-тан астам тәуелсіз сарапшы тартылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында KMG Skills байқауы үздік қызметкерлерді анықтап қана қоймай, кәсіпорындар арасында тәжірибе алмасуға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға ықпал етуі тиіс екенін атап өтеді.

Бүгін, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.