Атырау, 12 қазан 16:11
 дождьВ Атырау +25.7
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

​Қазақ мұнайының Қытайға экспорты 26 пайызға өсті

67 рет қаралды

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2026 жылдың 9 айындағы мұнайды тасымалдау және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің шоғырландырылған көлемі 35 млн 809 мың тоннаны құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы 34 млн 392 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2025 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 4%-ға жоғары. Ал мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 34 млрд 425 млн тонна-километрді құрады.

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу көлемі 13 млн 796 мың тоннаны құрады. Оның ішінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не – 4 млн 65 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не – 4 млн 207 мың тонна, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-не – 4 млн 864 мың тонна, «СП «CASPI BITUM» ЖШС-не – 660 мың тонна мұнай жеткізілді.

Есепті кезеңде «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 7 млн 573 мың тоннаны құрады. ТОН-2 мұнай құбыры учаскесі бойынша 2026 жылдың 9 айында 9 млн 156 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға жоғары.

«Атасу – Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырына 8 млн 525 мың тонна мұнай ауыстырып тиелді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3%-ға артық. Оның ішінде қазақстандық мұнай экспортының көлемі 984 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға өсті.

«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне мұнай ауыстырып тиеу көлемі 3 млн 570 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 42%-ға жоғары.

Ақтау портында «ҚазТрансОйл» АҚ қуаты арқылы танкерлерге мұнай құю көлемі 2 млн 608 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артық. Оның ішінде «Баку – Тбилиси – Джейхан» бағыты бойынша ауыстырып тиеу көлемі 24%-ға өсіп, 1 млн 164 мың тоннаны құрады.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі арқылы 14 млн 807 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2%-ға жоғары. Мұнайдың жүк айналымы 13 млрд 404 млн тонна-километрді құрап, өткен жылдың 9 айындағы нәтижемен салыстырғанда 4%-ға артты.

«СЗТК «МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 5 млн 30 мың тоннаны құрады, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық. Мұнайдың жүк айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға өсіп, 2 млрд 51 млн тонна-километрді құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнайды, мұнай өнімдерін және газды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 417 мың тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың 9 айындағы көрсеткішпен сәйкес келеді.

«Магистральдық Су құбыры» ЖШС-нің «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбыры арқылы Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 18 млн 344 мың текше метр тұщы су жеткізілді.

Бүгін, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.