
Синоптиктер Алматы мен Атырауда ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертеді. Бейсенбі, 8 қазанда бұл қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, қалыптасқан синоптикалық жағдай — баяу жел, желсіз ауа райы және температуралық инверсияның ұштасуы — атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.
Смогтың түзілу қаупіне байланысты мамандар өңір тұрғындары үшін негізгі ұсыныстарды әзірледі:
- Серуендеуді шектеу: далада, әсіресе автожолдар бойында және өнеркәсіптік аймақтардың жанында болу уақытын азайтыңыздар. Жүкті әйелдер мен балаларға ұзақ серуендеуден тартына тұрған жөн.
- Дәрі-дәрмектерді дайындау: тыныс алу жолдарының, жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар және аллергиямен ауыратын адамдар қажетті дәрілік препараттарды өзімен бірге ұстағаны жөн.
- Жаттығуларды ауыстыру: ашық ауадағы дене жүктемелері мен спортпен шұғылдануды жабық ғимараттарға ауыстырған дұрыс.
В Атырау +10.2