Атырау, 7 қазан 16:17
 дождьВ Атырау +20.1
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

Қазақстанда балабақша кезегін қайта қарау ұсынылды

66 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Депутат Ләззат Қожахметова Оқу-ағарту министріне балаларды балабақша кезегіне қоюдың қолданыстағы жүйесін өзгерту туралы ұсыныс жасады.

Оның айтуынша, қазір орын болмаған жағдайда бала күту тізіміне енгізіледі. Алайда ол үшін алдымен баланы басқа мектепке дейінгі ұйымға тіркеу қажет.

Нәтижесінде мемлекеттік балабақшадан орын күтетін ата-аналар баласын жекеменшік балабақшаға рәсімдеуге мәжбүр болып жатады. Бұл ретте бала іс жүзінде ол балабақшаға бармауы мүмкін, тек мекемеде тіркеліп тұрады.

Депутат мұндай жүйе ваучерлік қаржыландыруға қатысты сұрақтар туындататынын атап өтті.

Оның пікірінше, мемлекеттік қаражат баланың жай ғана тіркелгені үшін емес, нақты көрсетілген қызмет пен баланың балабақшаға іс жүзінде барғаны үшін аударылуы тиіс.

Осыған байланысты ата-аналарға баланы басқа мекемеге формалды түрде тіркемей-ақ, бірден өздері таңдаған балабақшаның күту тізіміне қоюға мүмкіндік беру ұсынылды.

Сонымен қатар босап қалған орындарға қабылдау ашық әрі түсінікті кезек тәртібі бойынша жүргізілуі керек.

Тағы бір бастама цифрлық бақылауға қатысты. Депутат бюджет қаражатын баланың нақты белгілі бір балабақшаға барып, сол жерде қызмет алып жүргенін растайтын деректер негізінде аударуды ұсынды.

Сондай-ақ балалардың формалды түрде тіркелу жағдайларын анықтап, бір баланың бірден бірнеше ұйымға негізсіз тіркелуіне жол бермейтін жүйе енгізу ұсынылды.

Бұдан бөлек, Оқу-ағарту министрлігіне кезектегі балалар саны мен іс жүзінде бос тұрған орындар арасындағы алшақтықты азайту шараларын әзірлеу ұсынылды.

Бүгін, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.