Атырау, 7 қазан 11:39
 дождьВ Атырау +11
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

АМӨЗ Экология министрлігінің бірқатар қорытындысымен келіспеді

94 рет қаралды
Сурет: АМӨЗ баспасөз қызметі
Сурет: АМӨЗ баспасөз қызметі

Қыргүйек айының басында Атырауды жайлаған қолқаны қабатын жағымсыз иіске қатысты оқиға жаңа сипат алды: зауыт оқиғаның өз нұсқасын ұсынып, оны құжаттармен дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеді.

АМӨЗ-ге жоспардан тыс тексеру жүргізуге қала тұрғындарының ауа сапасына қатысты көптеген шағымдары себеп болды. Әсіресе, 7 қыргүйекке қараған түн өте ауыр өтті, ол кезде өткір химиялық иіс бірден бірнеше ауданда сезілді. Ол кезде мониторингтің кейбір бекеттері ластаушы заттардың жоғары концентрациясын тіркегенімен, шығарындылардың көзі ресми түрде анықталған жоқ еді.

6 қазанда Экология министрлігі тексеру нәтижесін жариялады. Ведомство бірден бірнеше заңбұзушылық орын алғаны туралы хабарлады.

Атап айтқанда, экологтардың мәліметінше, ЭЛОУ-АТ-2 және ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғыларының жекелеген технологиялық пештері бойынша шығарындылардың есептеулері жүргізілмей, рұқсат етілген шығарынды нормативтері белгіленбеген. Осындай ескертулер баяулатылған кокстеу қондырғысының резервуарларына да қатысты айтылды.

Бұдан бөлек, аспаптық бақылау кәсіпорынның жекелеген көздерінде көміртек оксиді, азот оксиді мен диоксиді бойынша белгіленген нормативтерден асып кету фактілерін анықтады. Тексерушілер тарапынан автоматтандырылған мониторинг жүйесінің жұмысына, сондай-ақ қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезеңінде шығарындыларды азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуына қатысты да сұрақтар туындады.

Факелге газ тастау мәселесі бөлек тармақ болды. Экология министрлігінің мәліметінше, 25 тамызда және 2-7 қыргүйек аралығында технологиялық қондырғылар жұмысындағы іркіліс салдарынан факелге 100 тоннадан астам газ бағытталған.

Келесі күні АМӨЗ тексеру қорытындыларының бір бөлігін негізсіз деп атап, толық жауап берді.

Ең алдымен, зауыт ЭЛОУ-АТ-2 және ЭЛОУ-АВТ-3 пештері бойынша есептеулердің жоқтығы туралы тұжырыммен келіспеді. Кәсіпорында қажетті есептеулер рұқсат етілген шығарындылар нормативі жобасының құрамында орындалғаны мәлімделді. Оларда отын және табиғи газды, сондай-ақ пеш отынын жағу кезіндегі шығарындылар ескерілген.

АМӨЗ уәкілетті орган берген қолданыстағы экологиялық рұқсатқа сілтеме жасайды және тексерушілерге барлық техникалық пен жобалық құжаттаманы ұсынуға дайын екенін хабарлады.

Бұл ретте зауыттың хабарламасында экологтардың баяулатылған кокстеу қондырғысының резервуарларына қатысты ескертулері туралы бөлек айтылмаған.

Кәсіпорын 100 тоннадан астам газдың жағылғанын да жоққа шығармайды. Дегенмен факелге газ тастау фактісінің өзін АМӨЗ басқаша түсіндіреді. Зауыт өкілдері түсіндіргендей, газды факелге бағыттау технологиялық процесте көзделген және ол жабдықтардың жұмысында іркіліс болған кезде де қолданылады. Мұндай жүйе газды қауіпсіз жағуға мүмкіндік береді және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің бір бөлігі болып табылады.

АМӨЗ қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ескертулерге де жауап берді. Кәсіпорын тиісті хабарлама алғаннан кейін шығарындыларды азайту бойынша бекітілген жоспарды орындайтындарын алға тартады. Зауыттың есептеулеріне сәйкес, көзделген шаралар олардың қуатын секундына 35 370,1 грамнан 20 664,3 грамға дейін, яғни шамамен 42 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.

Ал қыргүйектің нақты күндері шығарындылардың іс жүзінде қаншалықты азайтылғаны туралы мәліметтер хабарламада келтірілмейді.

АМӨЗ санитариялық өлшеулердің нәтижесін де өз пайдасына дәлел ретінде келтіреді. Кәсіпорынның мәліметінше, 2-7 қыргүйек аралығында оның санитариялық-қорғау аймағының шекарасында күкіртсутек бойынша шекті деңгейден асу деректері тіркелмеген.

Алайда тексерудің басқа қорытындыларына, соның ішінде көміртек оксиді мен азот оксидтері бойынша белгіленген мөлшерден асқаны байқалған аспаптық өлшеу нәтижесіне зауыт егжей-тегжейлі жауап бермейді.

Сонымен қатар келіспеушіліктер мәлімдеме алмасу шеңберінен шығып үлгерді. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар сотқа жіберілді, ал құжаттардың бір бөлігі тексеру және құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына берілді.

АМӨЗ бұл процедуралардың аяқталуын күтуді ұсынады. Осылайша, енді экологтар мен зауыт қала тұрғындары бірнеше күн бойы тыныс алған жағымсыз иіс туралы емес, әр тарап орын алған жағдайға қатысты өз нұсқасын негіздеп отырған есеп, нормативтер мен құжаттар төңірегінде дауласатын болады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.