Атырау, 7 қазан 11:21
 дождьВ Атырау +11
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

Ерлан Карин мен Джеки Чан Қазақстанда фильм түсіру мәселесін талқылады

67 рет қаралды
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин аты аңызға айналған актер Джеки Чанмен және жаңа халықаралық киножобаның түсірілім тобымен кездесті.

Ынтымақтастық перспективаларын талқылауға шетелдік және қазақстандық танымал продюсерлер Эсмонд Рен, Рүстем Омаров, Игорь Цай және Орынбасар Құдайбергенов те қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыптары халықаралық кинематографиялық серіктестікті дамыту және бірлескен фильмдерді Қазақстан аумағында түсіру мүмкіндігі болды.

Сонымен қатар тараптар киноиндустрияға озық технологияларды енгізу мәселесін талқылады. Ерлан Карин шетелдік қонақтарға Astana AI Film Festival халықаралық фестивалінің жетістіктері туралы айтып берді. Фестивальге әлемнің 125 елінен авторлардан 8 мыңнан астам өтінім түскен. Бұл Қазақстанның цифрлық және креативті өнер орталығы ретіндегі мәртебесінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Бүгін, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.