
Halyk Bank клиенттері банктің мобильді қосымшасын пайдалану кезінде техникалық ақауларға тап болды.
Іркіліс 6 қазан күні түстен кейін басталды. Пайдаланушылар авторизациядан өту проблемалары мен қаржылық сервистерге қолжетімділіктің шектелгенін айтып жатыр.
Ақау салдарынан клиенттер аударым жасай алмай, қызметтерге ақы төлей алмай, балансты тексере алмай отыр. Сондай-ақ Halyk мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтерді де пайдалану мүмкін болмай тұр.
Әлеуметтік желі мен Telegram-арналарында пайдаланушылар шұғыл төлемдерді жүргізе алмай жатқандарына да шағымданып жатыр.

Банктің сайты да жұмыс істемей тұр.

Halyk Bank хабарлағандай, қазіргі уақытта техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, осыған байланысты сервистер жұмысында уақытша іркілістер болуы мүмкін. Көп ұзамай барлық қызмет қайта қолжетімді болады деп күтілуде.
В Атырау +18.8