Атырау, 26 қазан 23:21
 дождьВ Атырау +11.1
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

ҚР Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды

223 рет қаралды

ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбековтің ұсталғаны белгілі болды.

Бұл туралы 2026 жылғы 6 қазанда Ішкі істер министрлігі Zakon.kz редакциясының сауалына берген жауабында хабарлады.

«Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша жүргізіліп жатқан қылмыстық іс аясында ІІМ әскери-тергеу бөлімшесі қызметіне салғырт қарағаны үшін ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-ші дәрежелі капитанды ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – делінген жауапта.

Еске салайық, 3 қазанда Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан кейін Қанат Ниязбеков Президенттің өкімімен Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылған болатын.

6 қазан, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.