Атырау, 6 қазан 17:05
 дождьВ Атырау +19.7
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Қазақстаннан Ресейге 480 тотықұсты заңсыз әкетуге әрекет жасалған

54 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Орынбор облысының Россельхознадзор мамандары шекарашылармен бірлесіп, Қазақстаннан Ресейге 480 тотықұстан тұратын партияны заңсыз әкелуге жасалған әрекеттің жолын кесті.

Оқиға «Сағарчин» халықаралық автомобиль өткізу пунктінде болған.

Ресей ведомствосының мәліметінше, ветеринариялық сертификатты тексеру кезінде құжатта құстар әкетілген аумақтың эпизоотиялық жағдайы туралы мәліметтердің жоқтығы анықталған.

Сонымен қатар сертификатта құжаттың түпнұсқалығын растау және ондағы ақпаратты тексеру үшін қажет Қазақстанның «ЕАСУ» ақпараттық жүйесінің QR-коды болмаған.

Тексерушілер әртүрлі құжаттарда көрсетілген тасымалдау бағыты бойынша да сәйкессіздіктерді анықтаған.

Осыған байланысты тотықұстар партиясын Ресейге кіргізуге тыйым салынды. 480 құстың барлығы Қазақстанға кері қайтарылды.

Жүк тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгін, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.