
Астанада полиция әлеуметтік желілерде тараған қыз бен кішкентай бала бейнеленген видеоға қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
Жазбада қыздың балаға бұрылып, оны ұзақ уақыт бойы ернінен сүйгенін көруге болады. Видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында резонанс тудырып, олар баланың жеке шекарасына қатысты мәселеге назар аударды.
Алматы ауданының полиция басқармасы видеодағы қыздың жеке басы анықталғанын хабарлады. Оның жасы 23-те, ол баланың анасының құрбысы болып шықты.
Қызға қатысты тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Ал баланың болған жағдайды ұялы телефон камерасына түсірген анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Полицияның нақтылауынша, оған баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін шара қолданылған.
23 жастағы қызға қатысты тексеру жалғасып жатыр.
В Атырау +19.7