Атырау, 6 қазан 15:28
 дождьВ Атырау +19.7
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Қазақстан энергетикалық нысандарды дрон шабуылдарынан қорғауды күшейтеді

58 рет қаралды

Қазақстанда отын-энергетика кешені нысандарының киберфизикалық қауіпсіздік жүйесі әзірленіп жатыр. Ол нысандарды кибершабуылдардан да, ұшқышсыз ұшу аппараттарынан да қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін жасанды интеллект негізіндегі басым шешімдер тізілімін және киберфизикалық қауіпсіздік архитектурасын бекіту жоспарланып отыр.

Бағыттардың бірі киберқауіпсіздікке қатысты болады. Ол ықтимал қауіптерді анықтауды, технологиялық жүйелерді қорғауды және кибершабуыл кезінде мамандардың іс-қимылдарын пысықтауды қамтиды. Екінші бағыт нысандарды физикалық қорғауды, соның ішінде дрондарды анықтау және залалсыздандыруды көздейді.

Бұл міндеттердің барлығын құрылып жатқан ACR Center — отын-энергетика кешенінің киберфизикалық орнықтылығы саласындағы перспективалы әзірлемелер орталығы аясында біріктіру жоспарланып отыр.

Министрдің нақтылауынша, сөз тек жылу электр орталықтары туралы болып отырған жоқ. Жүйе энергетикалық ресурстарды өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және тұтыну үшін пайдаланылатын ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтар мен аумақтарды қамтуы тиіс.

Салаға цифрлық шешімдерді енгізуден күтілетін жиынтық экономикалық әсер жылына шамамен 23 млрд теңге деп бағаланып отыр.

2026 жылы Қазақстанда алғаш рет Enerfort салалық кибероқулары да өткізілді. Ақкенженовтің айтуынша, алдағы уақытта оларды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

Бүгін, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.