
Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Есқараев Азамат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», — делінген Президенттің баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Білімі:
· Қазақ мемлекеттік заң академиясы
Еңбек өтілі:
· Алматы қаласы ДЭЗ-2 жұмысшысы (1996);
· Коммерциялық сауда саласындағы жұмыс (1996);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы, Астана қаласы (21.07.2000-29.11.2000);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы, Астана қаласы (30.11.2000-11.11.2001);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы, Астана қаласы (12.11.2001-27.06.2002);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаменті Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын сараптау және әзірлеу басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы, Астана қаласы (28.06.2002-09.06.2003);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаменті өндірістік саладағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сараптау бөлімінің бастығы, Астана қаласы (10.06.2003-08.08.2003);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаменті басқармасының бастығы, Астана қаласы (09.08.2003-21.12.2003);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті басқармасының бастығы, Астана қаласы (22.12.2003-15.02.2005);
· Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы (2005-2006);
· «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері, Астана қаласы (2006-2007);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құқық мәселелері жөніндегі консультанты, жеке еңбек шарты бойынша, Астана қаласы (05.03.2007-27.03.2007);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманының міндетін атқарушы, Астана қаласы (28.03.2007-23.07.2007);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, Астана қаласы (24.07.2007);
· Қазақстан Республикасының Әділет министрі көмекшісі, Астана қаласы (07.2007-2008);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Астана қаласы (2008-2009);
· Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры, Астана қаласы (2009-2014);
· Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы (2014-2019);
· Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қаласы (26.07.2019-04.01.2023);
· Қазақстан Республикасының Әділет министрі (04.01.2023, 04.04.2023 қайта тағайындалды, 06.02.2024-09.01.2025 аралығында қайта тағайындалды);
· Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (07.04.2025 жылдан бастап);
· Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қоса атқарушы қызметінде (10.07.2026-05.10.2026).
В Атырау +10.2