Атырау, 5 қазан 12:21
 дождьВ Атырау +10.2
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

​«Тек осындай табанды тұлғалар ғана мұндай сөздерді айта алады»: Песков Тоқаев туралы пікір білдірді

109 рет қаралды

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей көшбасшысы Владимир Путин туралы айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды vesti.ru.

Журналист Павел Зарубинге берген сұхбатында Кремльдің ресми өкілі Қазақстан Президентінің беделі мен саяси салмағына жоғары баға берді.

«Президент Тоқаев – өте мықты саяси тұлға, оның саяси ресурсы да өте ауқымды. Болашақты бағамдай алатын саяси көрегендігі, табанды әрі ұстанымына берік адамдар адамдар ғана мұндай пікірді айта алады. Басқасы олай айта алмайды», — деп атап өтті Дмитрий Песков.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді жақсы танитынын атап өтіп, Ресей көшбасшысының күрделі тарихы бар ірі мемлекетті басқаруға қажетті барлық қасиетке ие екенін баса айтқан еді.

Бүгін, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.