Атырау, 5 қазан 12:00
 дождьВ Атырау +10.2
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

Ресйдегі белгісіз пневмония: Денсаулық сақтау министрлігі шекарадағы бақылауды күшейтті

92 рет қаралды

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Иркутск облысында тіркелген инфекциялық жағдайға байланысты шекарадағы санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтті. Мамандардың бағалауынша, елге аса қауіпті инфекцияның таралу қаупі төмен.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде және көліктің барлық түрінде бақылау шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта дене қызуы көтерілген, ауру белгілері бар немесе инфекция жұқтырды деген күдікке ілінген жолаушылар анықталған жоқ.

Оқиғаның мән-жайына сүйенсек, Иркутск облысында 28 жастағы әйел белгісіз пневмониядан қайтыс болғаннан кейін аса қауіпті инфекцияға күдік туған еді. Алайда 4 қазанда Роспотребнадзор өкілдері Иркутск, Шелехов қалалары мен облыс аумағында эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін және оба ауруының расталмағанын хабарлады.

Қазіргі уақытта ресейлік мамандар істің себеп-салдары мен ықтимал жұқтыру көзін анықтау үшін эпидемиологиялық тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Марқұммен байланыста болған 197 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың ешқайсысынан ауру белгілері байқалған жоқ, ал зертханалық тест нәтижесі ауруды растаған жоқ. 

Денсаулық сақтау министрлігі шетелдік сапардан келгеннен кейін бойынан сырқат белгілерін байқаған азаматтарға дереу медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге болған жері мен сапар мерзімін ашық айтуды ескертеді. Сондай-ақ тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Бүгін, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.