Атырау, 5 қазан 11:25
 дождьВ Атырау +3.2
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

Тоқаев Қарулы күштер Бас штабының жаңа бастығын тағайындады

62 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Омарбеков Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды», — делінген ресми хабарламада.

Білімі:

· Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университеті «Моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» мамандығы

· Еуразия гуманитарлық институты «Құқықтану» мамандығы

Еңбек өтілі:

· Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы қызметі (1997-2014);

· Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадр жүйесінде әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдардағы қызметі (2014-2022);

· ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Арнайы мақсаттағы күштер қолбасшысының міндетін атқарушы (01.2022-02.2022);

· ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Арнайы мақсаттағы күштер қолбасшысы (02.2022 жылдан бастап).

Бүгін, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.