
Райымбек ауданының прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтарға тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады.
Талдау барысында 2019–2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 596 млн теңгеден астам қаржыға 55 тұрғын үй сатып алуға қатысты мемлекеттік сатып алулар зерделенді.
Прокуратура мәліметінше, схемаға қатысушылар сатып алынатын тұрғын үйдің құнын көтеріп көрсетіп, кейін бюджет қаражатының бір бөлігін қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліскен.
Сотқа дейінгі тергеу аясында мемлекетке келтірілген залал 101,4 млн теңге деп бағаланды.
2026 жылғы 5 тамыздағы сот үкімімен үш фигурант ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оларға 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар сотталғандарға тиісті лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
В Атырау +15.6