Атырау, 2 қазан 10:35
 дождьВ Атырау +9.9
$ 441.91
€ 499.05
₽ 5.30

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы жүк тасымалдауға арналған жаңа паромдар дайындап жатыр

58 рет қаралды
фото rail-news.kz
фото rail-news.kz

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізі арқылы тасымалдауға арналған жаңа жүк паромдарын салу жобасын пысықтап жатыр. Олардың сыйымдылығы бір мезетте 120-ға дейін теміржол вагонын құрауы мүмкін.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тлепов Дүниежүзілік банктің «Орта дәліз: келесі кезең» атты онлайн іс-шарасы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Trend.az.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы бағытта ASCO операторының паромдары пайдаланылуда. Олар ең көбі шамамен 44 вагон қабылдай алады. Осыған байланысты теміржол құрамдарын бөліктерге бөлуге тура келеді.

Мәселен, вагондардың бір бөлігі Құрық портында тиеліп, Әзербайжанның Алят портына жөнелтіледі, ал қалған 15–20 вагон келесі рейсті күтуге мәжбүр. Соның салдарынан құрамның келіп жеткен бөлігі де қалған вагондар келгенге дейін бос тұрып қалады. Бұл тасымалдау тиімділігін төмендетеді.

Сыйымдылығы 120 вагонға дейінгі жаңа паромдар бір рейсте іс жүзінде екі теміржол құрамына дейін тасымалдауға және порттардағы күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Жоба Каспий теңізі арқылы Орталық Азияны Кавказ және Еуропа нарықтарымен байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытын, яғни Орта дәлізді одан әрі дамыту аясында қарастырылып жатыр. Әзербайжандағы Алят порты осы бағыттың негізгі тораптарының бірі болып саналады.

Жаңа паромдарды салу және іске қосу мерзімдері әзірге аталмады.

Бүгін, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.