Атырау, 25 қазан 04:09
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Қазақстанда әр жетінші тұрғын – 60 жастан асқан

451 рет қаралды
фото shutterstock.com
фото shutterstock.com

2026 жылдың басында Қазақстанда 60 жастан асқан халық саны 2 923 472 адамға жетіп, ел халқының 14,2 пайызын құрады. 

Оның ішінде ерлер – 1 163 270, әйелдер – 1 760 202. 

Ең көп қарт тұрғын Алматыда – 328 385 адам. 

Одан кейін Түркістан облысы – 216 544, Қарағанды облысы – 212 487, Алматы облысы – 203 499 және Астана – 171 138 адам. Қалада тұратындар саны – 1 894 268, ауылдық жерлерде – 1 029 204. 

Елде 100 жастан асқан 1 323 адам бар екені де атап өтілді. 2026 жылдың екінші тоқсанында 60 жастан асқан 465 302 азамат еңбекпен қамтылған.

Ал салыстырмалы түрде 2025 жылы зейнетақы алушылардың саны 2 415 095 адам болған.

1 қазан, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.