Атырау, 1 қазан 14:37
 дождьВ Атырау +17.8
$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27

Астанада блогер Жанәбілов тұрмыстық жанжалдан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды

129 рет қаралды

Ол жұбайы Эльмира Төлегеновамен болған жанжалдан соң полиция назарын аударды. 

Төлегенова әлеуметтік желіде видео жариялап, күйеуімен болған қақтығыс жайлы айтып, қолындағы қызарған жерлерді көрсеткен.

Полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал орын алған. Әйел арыз жазудан бас тартқанымен, Жанәбіловқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, ол уақытша қамауға алынды, материалдар сотқа жіберілді.

Төлегенова бұған дейін Жанәбіловпен ажырасу процесінде екенін хабарлаған. Ал 2026 жылдың сәуірінде екеуіне заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және автокөлік ұтысы түрінде ақша жинауды ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шыққан. 

Сол кезде Жанәбіловқа екі жыл шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалса, Төлегеноваға екі жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы беріліп, оның орындалуы екі жылға кейінге қалдырылған.

Бүгін, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.