Қазақстандағы алқа билер соты өзін толығымен ақтады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Судьялар кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин мәлім етті.Сонымен қатар, Кеңес төрағасы қазақстандық судьялар қауымдастығының «Нұр Отан» партиясымен сот билігінің имиджін арттыру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы, сондай-ақ сот шешімдерінің орындалуына бақылау жасау бойынша меморандум жасағанын атап өтті. «Бұл сот өндірісіне қоғамдық бақылаудың және бір түрі. Дегенмен, ең басты бақылау формасы - бұл бұқаралық ақпарат құралдары», - деді А. Смолин
Дереккөз: ҚазАқпарат
В Атырау +3