Атырау, 24 қараша 11:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зейнетақы активтерін БЗЖҚ-на тапсыру 2014 жылдың 1 тоқсанында аяқталады

1 559 просмотра
2014 жылдың бірінші тоқсанында Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорына зейнетақы активтерін тапсыру аяқталады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында.

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

"Активтерді тапсыру 2014 жылдың 1 тоқсанында аяқталады, осы уақыттан бастап зейнетақы активтерінің барлық көлемдерін инвестициялық басқару жүзеге асырылады", - деді Ұлттық банк басшысы.

Ол 1 қазанға жағдай бойынша зейнетақы жинақтары барлық жүйеде 3,6 трлн теңгені немесе 11% астам ЖІӨ құрайды.

Белгілі болғандай, зейнетақы активтерін тапсыру процесі 2 кезеңге бөлінген: бірінші кезең - ол инвестициялық портфель салымшыларының жеке зейнетақы шоттарын БЗЖҚ-на тапсыру, екінші кезең - тарихи құжаттама мен ақпаратты тапсыру.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 қараша 2013, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.