Атырау, 30 қыркүйек 16:20
 дождьВ Атырау +24.6
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

Маңғыстаудағы әскери трагедия: ІІМ журналистерге жасалған қоңырауларды жоққа шығарды

116 рет қаралды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері журналистер мен блогерлерге хабарласқан деген ақпаратты түсіндірді.

ІІМ орынбасары Санжар Әділов Құрылтайдағы брифингте бұл мәліметті толықтай жоққа шығарды. 

«Ешқандай ақпаратты растамаймын, полиция қызметкерлері ешкімге қоңырау шалмаған. Керісінше, құқық қорғау органдары күшейтілген режимде қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз етті», – деді ол.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде бір топ әскери қызметкерді теңіз толқыны алып кеткені белгілі болды.

Сол күні Қорғаныс министрлігі тоғыз адамның қаза тапқанын растады, кейін бұл сан 12-ге жетті. 25 қыркүйекте қаза болғандар саны 14-ке дейін өсті, сол күні іздестіру-құтқару операциясы ресми түрде аяқталды.

Бүгін, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.