
Қазалы ауданында балабақша есепшісі төрт жыл бойы өзіне заңсыз артық жалақы аударып, 21,5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын қалтасына басқан.
Аудан прокуратурасы жүргізген талдау барысында мектепке дейінгі ұйымның есепшісі штаттық кестеде белгіленген мөлшерлемеден тыс, өз банктік шоттарына негізсіз қосымша ақша аударып келгені анықталды. Заңсыз схема 4 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеген.
Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Істі одан әрі жан-жақты тергеу үшін қылмыстық материалдар Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
В Атырау +22.7