
Өскеменде шұғыл қызмет қызметкерлері 32 жастағы ер адамды көпқабатты үйдің төбесінен түсіріп алып, қайғылы оқиғаның алдын алды.
Оқиға Астана көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, қала тұрғыны ғимараттың шатырына шығып, тура шетінде жүрген және кез келген сәтте төмен құлап кету қаупіне қарамастан, секіретінін айтып сес көрсеткен. Оқиғаға бей-жай қарамаған куәгерлер дереу «102» нөмірі арқылы полиция шақырған.
Төтенше оқиға орнына патрульдік экипаж бен Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары келді. Күштік құрылымдар мен шұғыл қызметтердің үйлесімді әрекетінің арқасында ер адамды биіктіктен аман-есен түсіріп алды.
«Оқиға орнында жүргізілген тексеру барысында Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ер адам қажетті медициналық көмек көрсету үшін облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырылды», — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
В Атырау +18.1