Атырау, 29 қыркүйек 11:44
 дождьВ Атырау +18.1
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Бензин қымбаттап, дизель импорты өсіп келеді: Қазақстанның отын нарығында не болып жатыр?

63 рет қаралды

Қазақстан 2026 жылғы қаңтар–шілдеде дизель отынының импортын едәуір ұлғайтты, ал автомобиль бензинінің экспорты азайды.

Бұл туралы LS келтірген Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық статистика бюросының деректері дәлелдейді.

Жеті айда елге $224,5 млн-ға 264,7 мың тонна дизель отыны әкелінді. Бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге артық. Негізгі жеткізуші Ресей болды — 258,5 мың тонна. Беларусьтен жеткізілім 60,8 есеге өсіп, 3,6 мың тоннаға жетті. Қырғызстаннан керісінше, импорт 1,6 есеге — 2,4 мың тоннаға дейін төмендеді.

Автомобиль бензинінің импорты 4,6 есеге азайып, 107,8 тоннаны құрады. Барлық көлем Ресейден түсті. Бұдан бөлек, Қазақстан 47 тонна авиациялық отын импорттады, бұл былтырғы көрсеткіштен 3,2 есеге аз.

Сонымен бірге автомобиль отынының экспорты да төмендеді. Қаңтар–шілде айларында шетелге $59,6 млн-ға 79,1 мың тонна өнім жіберілді — бұл бір жыл бұрынғыдан 1,8 есеге аз. Өткізудің ең ірі нарығы Өзбекстан болып қала берді, онда 43,7 мың тонна жеткізілді. Ресейге 8,7 мың тонна экспортталды, бұған дейін бір жыл бұрын бұл бағытта жеткізілім болмаған еді.

Ауғанстанға экспорт 1,6 есеге — 17,9 мың тоннаға дейін, Тәжікстанға — 3%-ға, 4,5 мың тоннаға дейін өсті. Сонымен қатар Қазақстан Әзербайжан мен Грузияға бензин жеткізе бастады. Дизель экспортқа дерлік жіберілген жоқ: 1 мың тонна маусымаралық отынды Қырғызстан сатып алды.

Бұл ретте отынның ішкі өндірісі дерлік өзгерген жоқ. Жеті айда Қазақстанда авиациялық отынды қосқанда 3,5 млн тонна бензин өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,2%-ға артық. Дизель отынын шығару 2,5%-ға өсіп, 3,7 млн тоннаға жетті.

Осы аяда бөлшек сауда бағасы одан әрі өсе берді. Тамыз айында АИ-92-нің орташа бағасы литріне 244 теңгені құрап, бір жылда 10,9%-ға артты. АИ-95 және АИ-96 бағасы 15,8%-ға өсіп, 314 теңгеге, АИ-98 — 11%-ға өсіп, 340 теңгеге жетті. Жазғы дизель отыны орта есеппен литріне 341 теңге болды, бұл 2025 жылғы тамыздағы деңгейден 7,2%-ға жоғары.

Бүгін, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.