Атырау, 25 қазан 04:49
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Астанада алимент төлемей жүргендерден 2 миллиард теңгеден астам қаржы өндірілді

368 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Астана қаласының прокуратурасы 2,5 мың баланың пайдасына 2 миллиард теңгеден астам алимент өндіріп алды. Елордада борышкерлерден өндірудің жаңа әдісі енгізіліп, бұған дейін назардан тыс қалып келген арнайы техникалар есепке алына бастады.

Прокуратура бастамасымен іске қосылған жаңа тәсілдің арқасында бұрын жеке сот орындаушыларының назарынан тыс қалып келген құрылыс, жол және ауыл шаруашылығы техникалары анықталды. Нәтижесінде алимент төлеушілерге тиесілі, жалпы құны 2 миллиард теңгені құрайтын 126 бірлік арнайы техника тіркелді.

Алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын тексеру барысында сот орындаушыларының 5 мыңнан астам әрекетсіздік фактісі әшкереленді. Сондай-ақ 5,5 мың борышкер өз балаларынан нақты 26 миллиард теңге көлеміндегі табысын жасырып келгені белгілі болды.

Тексеру нәтижелері бойынша прокуратура Әділет министрлігіне қадағалау актісін енгізді. Құжатта жасырылған миллиардтаған кірістер мен арнайы техникаларды өндіріп алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ заң бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғаларды қатаң жауапкершілікке тарту талап етілген.

Елорда прокуратурасы борышкерлерге балаларды асырау жөніндегі міндеттерінен жалтармау керектігін ескертеді.

29 қыркүйек, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.