
Маңғыстау облысында ТЖМ құтқарушылары үрленетін қайықпен ашық теңізге ығып кеткен үш адамды құтқару бойынша түнгі операция жүргізді.
Оқиға Түпқараған ауданында, Каспий теңізінің жағалауында болған. Қатты жел соғып, салдарынан ішінде адамдары бар үрленетін қайық жағадан қашықтап кетіп, шалғайға ығып кеткен.
Оқиға туралы дабыл түскен бойда ҚР ТЖМ іздестіру-құтқару бөлімшелері аталған аумаққа шықты. Іздестіру операциясы барысында құтқарушылар акваториядағы жүзу құралын тез анықтап, үш адамды да жағаға жеткізді.
Ведомствоның хабарлауынша, құтқарылғандардың ешқайсысы зардап шекпеген, оларға медициналық көмек қажет болмады.
ҚР ТЖМ ескертеді: дауылды ескерту кезінде немесе жел күшейгенде үрленетін жүзу құралдарымен суға шығуға қатаң тыйым салынады. Су айдындарындағы негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.
В Атырау +10.7