
Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева экипировкасына қойылған талаптарға байланысты Азия ойындарының алтын медалінен айырылып қалды.
Спортшы спорттық жүрістен марафондық қашықтықты (42,195 км) бірінші болып аяқтаған еді, бірақ мәреге жеткеннен кейін оның нәтижесі жойылды. Бұған қарсыластарының түсірген наразылығы себеп болды: олар қазақстандық спортшының кроссовкасы заңды ережеге сәйкес келетініне күмән келтірген.
Белгілі болғандай, Тоқсанбаева жарысқа киіп шыққан ASICS моделі World Athletics халықаралық федерациясы тарапынан жарыстарға рұқсат етілген аяқ киімдердің ресми тізілімінде болмай шықты.
Төрешілердің бұл өкінішті шешіміне қарамастан, спортшының сағы сынған жоқ. Бұған дейін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ясмина Тоқсанбаева медальды тартып алса да, алдағы сайыстарға қайта оралып, өзінің басымдығын тағы да дәлелдейтінін мәлімдеді.
В Атырау +10.1