Атырау, 25 қыркүйек 17:34
 дождьВ Атырау +26.8
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

Қарағандыда үш студент туберкулезге шалдықты

53 рет қаралды

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде студенттер арасында туберкулез анықталды.

Санитариялық дәрігерлер эпидемиологиялық тергеп-тексеруді бастады, қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, ауырғандардың өзара байланысы бар-жоғын тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Ақпаратты Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Аймағанбетов растады. Бұған дейін әлеуметтік желілерде он студенттің ауырғаны туралы ақпарат пайда болған еді, алайда бұл мәліметті санитариялық-эпидемиологиялық қызмет теріске шығарды.

Аурудың алғашқы жағдайы 22 қыркүйекте, екіншісі — 23 қыркүйекте тіркелді. Үшінші науқас туралы ақпарат санитариялық дәрігерлерге 24 қыркүйек кешке түсті.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мәліметінше, ауырғандар әртүрлі факультеттерде оқиды: биология-география, шет тілдері және журналистика. Сондай-ақ олар әртүрлі мекенжайда тұрады және жатақханада бірге тұрмайды. Науқастардың бірі Батыс Қазақстан облысынан келсе, қалған екеуі — Қарағандыдан.

Қазір мамандар студенттердің өзара қарым-қатынаста болған-болмағанын және ортақ инфекция көзінің бар-жоғын анықтауда. Сондай-ақ олардың медициналық тексеруден және флюорографиядан қашан өткені тексерілуде.

Ауру анықталғаннан кейін университеттің екі оқу корпусында және ауырғандардың тұрғылықты жерлері бойынша қорытынды дезинфекция жүргізілді.

Бұл ретте университетте карантин енгізілген жоқ. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ЖОО-ны жабу туралы қаулы шығарылмағанын атап өтті. Оқу процесі тұтастай алғанда әдеттегі режимде жалғасуда.

ҚарҰЗУ-дың өзінде індетке қарсы шаралар кезінде бөлек топтардың қашықтан оқытуға көшірілгенін хабарлады. Ауырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған студенттер 14 күн бойы медициналық бақылауда болады. Сондай-ақ ЖОО-да қосымша профилактикалық медициналық тексеру ұйымдастырылды.

Әзірге мамандар әр студенттің ауру түрін және эпидемиологиялық қауіп дәрежесін анықтаған жоқ. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Бүгін, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.