
25 қыркүйекте Атырауда А. Стаханов көшесінде орналасқан адам тұрмайтын екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты.
Атырау облысы ТЖД мәліметінше, екінші қабатта ағаш конструкциялар өртенген. Өрттің аумағы 12 шаршы метрді құрады. Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін жақын маңда қалалық құбырларды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «БурМонтажГруп» ЖШС жұмысшылары өртті ауыздықтауға көмектесті.
Оқиға орнында Атырау облысы ТЖД қызметкерлері мен техникасы жұмыс істеді.
В Атырау +26.7