Атырау, 25 қыркүйек 15:21
 дождьВ Атырау +23.3
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

​Air Astana қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына тегін авиабилеттер ұсынады

101 рет қаралды

Air Astana компаниялар тобы Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарын, сондай-ақ аман қалғандардың өздерін тегін тасымалдауды ұйымдастырады.

Билеттер 2026 жылғы 25 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі кезеңде компаниялар тобының кез келген ішкі рейстеріне беріледі. Жақын туыстар қатарына ата-аналар, ерлі-зайыптылар, балалар және туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады. Брондау кезінде туыстықты растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.

Билеттерді рәсімдеу үшін мына байланыстарға хабарласуға болады:

Air Astana

  • Брондау және ақпарат орталығы (24/7): Форма толтыру

  • WhatsApp: +7 702 702 00 74

  • Online chat: airastana.com

FlyArystan

  • Email: help@flyarystan.com

  • Телефон: 8 727 331-10-10

  • WhatsApp: +7 702 702 0227

  • Live Chat: мобильді қосымшада немесе flyarystan.com сайтында.

Бүгін, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.