Атырау, 24 қараша 11:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Настя Шарипованың анасы күдіктіні тұтқындауға қатысты өтініш жазған жоқ

1 610 просмотра

Анастасия Шарипованың анасы "қызын өлтірді" деген күдікпен қамауда отырған Виктор Бахаревті темір торға тоғыту туралы соттың шешіміне еш қатысым жоқ деп отыр.

Кей БАҚ жарыса жариялаған "марқұмның анасы күдіктіге айып тақты" деген ақпарды, ол "қауесет" дейді.

"Мен әзірге оның кінәлі екеніне сенбеймін. Мен ондай өтінішті жазған да жоқпын. Бұл өтірік сөз. Мен тек қана сол сот отырсына денсаулығыма байланысты қатыса алмаймын деген өтінішті ғана жаздым. Басқа ештеңе жазған жоқпын", - дейді Анастасия Шарипованың анасы Марина Шарипова.

Оқушы қызды жер жастандырды деген күдікпен қолға түскен 20 жасар ауылдасы жұма күні тергеу изоляторына қамалған болатын. Қазірде оған "Адам өлтірді" деген айып тағылып, іс облыстық прокуратурада қаралып жатыр.

Естеріңізге салсақ, із-түзсіз жоғалып кеткен 8-сынып оқушысының мәйіті араға екі аптаға жуық уақыт салып табылды. Қылмыскер қызды өлтіріп, көміп кеткен. Шұғыл іздестіру шарасына кіріскен сақшылар көп кешікпей Евгеньевка ауылының тұрғынын құрықтады.

Тергеу барысында Виктор Бахарев қылмысқа қатыстылығын айтып, жазасын толықтай мойындаған. Тіпті полицейлерге Анастасияны қалай өлтіргенін бүге-шүгесіне дейін көрсетіп берген таспа да бар. Десе де құрбан қыздың анасы күдіктінің қылмысқа қатыстылығына күмән келтіреді.

13 қараша 2013, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.