Атырау, 25 қазан 05:35
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Каспийде қаза тапқандардың арасында Қазақстан чемпионатының 20 жастағы жүлдегері бар

291 рет қаралды

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу барысында қайғылы қазаға ұшыраған әскери қызметшілердің бірінің жеке басына қатысты мәліметтер белгілі болды. Олардың арасында 20 жастағы спортшы Сержан Аяпберген бар, деп хабарлайды Shyndyk.kz телеграм-арнасы.

Мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін Сержан самбо және дзюдомен кәсіби түрде айналысып, Маңғыстау облысын республикалық және халықаралық деңгейде танытқан.

Оның еншісінде — самбодан Қазақстан чемпионатының қола және күміс жүлделері, сондай-ақ ТМД елдерінің студенттік жарыстарындағы табысты өнер көрсеткен жетістіктері бар. Бұдан бөлек, спортшы дзюдодан халықаралық турнирлерде өңір намысын жүйелі түрде қорғап келген. 

25 қыркүйек, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.