
2026 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстанда Маңғыстау облысында әскери борышын өтеу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды.
Қайғылы оқиға Каспий теңізі жағалауындағы әскери жаттығулар кезінде орын алды. Әскери қызметшілердің қаза болу себебін тергеу үшін Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды. Оған жан-жақты тергеу жүргізуді және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді қамтамасыз ету тапсырылды.
В Атырау +22.4