
24 қыркүйек кешінде Ақтау қалалық мәйітханасына Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жүздеген туыстары мен жақындары келді. Олар өздерінің туғандары туралы ақпарат пен тану нәтижелерін күтуде.
Жиналғандарға мәйіттер Ақтауда берілмейтіні, оларды туған жерлеріне жеткізіп, сонда туыстарына тапсыратыны хабарланды. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов марқұмдарды жеткізу жұмыстары қысқа мерзімде ұйымдастырылатынын айтты.
Қорғаныс министрлігінің ресми дерегіне сәйкес, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде теңізге 17 әскери қызметші кеткен. Олардың 12-сі қаза тапты, үшеуі аман қалды. Тағы екі адамды іздестіру жалғасуда.
25 қыркүйек Қазақстанда қаза болған әскери қызметшілерді еске алуға байланысты жалпыұлттық аза күні болып жарияланды.
В Атырау +25.3