Атырау, 24 қыркүйек 18:33
 дождьВ Атырау +27.9
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30

Петропавлға Астанадан аса ірі мөлшерде «синтетика» тасымалдаған шетелдік ұсталды

Бейнежазба
88 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Петропавлда полицейлер Астанадан аса ірі мөлшерде психотроптық зат тасымалдаған 25 жастағы шетел азаматын тұтқындады. Оның сөмкесінен 250 грамм α-PvP синтетикалық есірткісі тәркіленді.

Тексеру барысында күдіктінің Қазақстанда заңды түрде еңбек етіп жүргені белгілі болды. Ол құрылыста жұмыс істеп, самса пісірумен айналысқан. Осыдан бір апта бұрын психотроптық заттар сататын интернет-дүкенге «курьер» болып кірген. Күдікті Астанадағы жасырын орыннан алған «синтетиканы» Петропавл аумағында бөлшектеп, «закладка» арқылы таратуды жоспарлаған.

Ұсталған азамат қамауға алынды. Аса ірі мөлшерде есірткі өткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысына басқа өңірлерден есірткі жеткізетін 30 арнаның жолы кесілді. Облыс аумағында барлығы 225 есірткі құқық бұзушылығы тіркелсе, оның 99-ы есірткі өткізу фактілеріне қатысты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, интернет-дүкендер арқылы есірткі тарату схемасына қатысқандар әдетте екі айдан артық «жұмыс істеп» үлгермейді. Сондықтан полицейлер азаматтарды «жеңіл ақшаға» қызықпауға шақырады. Бұл қылмыс үшін заң бойынша кемінде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Бүгін, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.