Атырау, 25 қазан 05:37
 дождьВ Атырау +5.9
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

​Әзірбайжан Каспийде әскерилердің қаза болуына байланысты Қазақстанға көңіл айтты

342 рет қаралды

Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты.

Ведомство тиісті мәлімдемені әлеуметтік желіде жариялады.

СІМ бұл қайғылы оқиғаға байланысты қатты қайғыратынын атап өтіп, қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, Қазақстан халқына және үкіметіне қолдау сөздерін жеткізді.

«Алла тағала қаза тапқандарға мәңгілік тыныштық, ал олардың отбасыларына осы бір ауыр сәтте күш-жігер мен сабыр берсін», — делінген хабарламада.

Сыртқы саяси ведомство сондай-ақ әлі де хабар-ошарсыз қалып отырғандардың аман құтқарылуына үміт білдіріп, зардап шеккен әскери қызметшілердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

24 қыркүйек, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.