Атырау, 24 қыркүйек 15:32
 дождьВ Атырау +27.7
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30

Ақтауда әскери қызметшілердің қазасы: қылмыстық іс қозғалды

76 рет қаралды

Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы хабарлады.

Оқиға орнында ІІМ, ТЖМ және прокуратура қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қайғылы оқиғаның себептерін жедел анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Бас прокуратурада нақтылағандай, қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу шеңберінде қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Тергеу барысы ерекше бақылауда. Істің нәтижесі мен жаңа мән-жайы туралы қосымша хабарланады.

Бүгін, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.