Атырау, 24 қыркүйек 15:59
 дождьВ Атырау +27.7
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30

Жүкті әйелін қинаған ер адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалды

108 рет қаралды

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Т. 2024 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында жүкті зайыбына жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткені анықталды. 

Ол әйелін бірнеше рет ұрып-соққан, қылқындырған, шаңсорғыштың сымымен мойнын байлаған, үйде ұстап, медициналық көмекке жүгінуіне кедергі жасаған.

Бірінші сатыдағы сот Т.-ны ҚР ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 3) тармағы бойынша («жүкті әйелді қинау») кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Кассациялық сот жәбірленушінің жауаптары куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбамен, медициналық құжаттармен және сот сараптамаларының қорытындыларымен толық сәйкес келетінін атап өтті.

Жазаны жеңілдетуге құқықтық негіздер жоқ деп танылып, үкім әділ әрі қылмыстың ауырлығына сай деп бағаланды.

Осыған байланысты сот алқасы бұрынғы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Бүгін, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.