Қазақстанда жол техникасының қысқа дайындығы 86%-ды құрайды, деп хабарлайды Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
«Бүгінгі күні республикалық маңызы бар жолдарды қысқы кезде күтіп-ұстау техникасының дайындығы 86 пайызды құрап отыр, ал материалдар дайындамасы 80 пайызға орындалған», - деп ақапараттандырады баспасөз қызметі.
Өткізіліп жатқан шаралар шеңберінде 3,5 мың уақытша жол белгілері орнату және 5 п.м. қардан қорғаныш қалқандары орнату жоспарланып отыр.
«Өндіріс қорларын (гараж–тұрақтарды), қазандықтарды, жылытатын бекеттер мен химреагенттерді сақтау қоймаларын жөндеу жұмыстары біту кезеңінде. Қазірде 42 мың м3 құм, 5,3 мың тұз, 143 мың литр бензин, 431 тонна дизель жанармайы дайындалған», - деп қорытындылады ведомствода.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.