
Жамбыл облысында күштік құрылымдар жүргізушілерден жүйелі түрде ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.
Арнайы операцияны 23 қыркүйекте Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп жүргізді.
Ведомствоның мәліметінше, топ мүшелері өңірдегі шекара бекеті арқылы өтетін ауыр жүк, жолаушы тасымалдайтын, жеңіл және транзиттік автокөлік жүргізушілерінен ақша талап еткен.
«27 тінту шарасы жүргізілді. Суық қару, байланыс құралдары, ірі көлемде ақша қаражаты, сондай-ақ автокөліктер тәркіленді», — деп хабарлады ІІМ.
Қазір бір топ адам жасаған бопсалау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Құқық қорғаушылар барлық мән-жайды, әрбір қатысушының рөлін айқындап, ұсталғандардың басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
В Атырау +24.3