Атырау, 24 қыркүйек 11:12
 дождьВ Атырау +20.2
$ 445.65
€ 508.71
₽ 5.30

Алматыда Политех басшыларының бірі ұсталды

79 рет қаралды

Алматыда Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Satbayev University) проректоры Ержан Күлдеев сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Kazachkov offside.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Ержан Күлдеев қылмыстық іс бойынша күдікті мәртебесін 7 қыркүйекте алған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның әрекеті пара беру ретінде сараланған. Тергеуді ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр. Тергеу барысында қылмыстық іс бойынша қосымша эпизодтар анықталып, олар Қылмыстық кодекстің басқа да баптары бойынша саралануы мүмкін.

Ержан Күлдеев — Satbayev University-дің (бұған дейінгі атауы — Политех) танымал өкілдерінің бірі. Оның осы оқу орнындағы еңбек жолы шамамен 40 жыл бұрын студент болып түскен кезінен басталған. Кейін университетте жұмысын жалғастырып, оқытушыдан корпоративтік басқару және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор лауазымына дейін көтерілді.

Ұсталған азаматтың бірқатар ғылыми және мемлекеттік наградалары бар. Ол ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, академик әрі Халықаралық инженерлік академияның корреспондент-мүшесі.

Айта кетерлігі, 2026 жылдың сәуірінде Ержан Күлдеев ғылым саласындағы жетістіктері және жоғары білімді дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Бүгін, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.