Атырау, 23 қыркүйек 15:16
 дождьВ Атырау +31.9
$ 447.85
€ 513.46
₽ 5.31

​Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа басымдықтары: киберқауіпсіздіктен энергетикалық қауіпсіздікке дейін

93 рет қаралды

Мемлекет басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының алғашқы кеңесін өткізді. 

Президент Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажеттігін атап өтті.

Әлемдік ахуал құбылып тұрған кезеңде Қауіпсіздік Кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуы тиіс екені айтылды. Мемлекет басшысы қазіргі сын-қатерлердің сипаты өзгергеніне назар аударып, киберқауіпсіздік пен жасанды интеллектіні қолдануға ерекше мән берді.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы алдағы уақытта өзектілігі арта түсетін ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды. Президент осы салалардағы басымдықтарды белгілеп, «Заң мен тәртіп» қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.

Кеңес қорытындысы бойынша Аппаратқа нақты міндеттер жүктелді. Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын қорғау Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының тиімділігін айқындайтын басты өлшем болуға тиіс екені баса айтылды.

Бүгін, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.