
Құрылтай депутаттары Қазақстан Үкіметі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) арасындағы серіктестік туралы заң жобасын екі оқылымда мақұлдады.
Рамалық келісім ел экономикасына ратификациядан кейінгі алғашқы бес жылда жеңілдетілген шарттармен шамамен 6 миллиард доллар «ұзақ мерзімді қаржы» тартуға мүмкіндік береді. Құжат жобаларды іске асыру рәсімдерін оңтайландыруға және мемлекеттік шығындарды қайта бөлу арқылы республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, алынған қаражат елдің негізгі инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады.
«Жақын уақытта бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жұмыстары басталады. Атап айтқанда, “Жезқазған – Қарағанды”, “Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын”, “Атырау – Доссор” және “Мойынты – Қызылжар” автомобиль және теміржолдарын реконструкциялау жоспарланып отыр», – деді Жұманғарин.
Келісімнің негізгі міндеттері мен бағыттары:
қаржыландыру құралдарын кеңейту: көлік, энергетика, цифрлық байланыс және басқа стратегиялық салаларға инвестиция тарту;
бюджетке түсетін жүктемені азайту: мемлекеттік қаражатты жедел әлеуметтік және басым міндеттерге қайта бағыттау;
рәсімдерді жеңілдету: өзара іс-қимыл тетіктерін оңтайландыру және бірлескен жобаларды жедел іске қосу.
Қарыздар мемлекеттік кепілдіктер аясында тартылады.
В Атырау +31.9