Атырау, 25 қазан 06:36
 дождьВ Атырау +4.6
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

Каспий теңізінде әскери-теңіз оқу-жаттығуы басталды

628 рет қаралды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Каспий теңізінің қазақстандық секторында «Хазар қорғаны-2026» әскери-теңіз оқу-жаттығуы басталды. Ауқымды маневрге 500-ден астам әскери қызметші, әскери кеме экипаждары, шекарашылар мен әуе қорғанысы күштері қатысып жатыр.

Стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының бірыңғай жоспары аясында өтіп жатқан жиынға Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, 1-ші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков басшылық етеді.

Жаттығуға Әскери-теңіз күштері мен оның бағынысты бөлімшелерінен бөлек, Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің Жағалау күзеті мен Әуе қорғанысы күштерінің құрамдары жұмылдырылды.

Маневрдің негізгі мақсаты — жеке құрамның кәсіби шеберлігін шыңдау, кеме экипаждары мен жағалау бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру. Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында әртүрлі ведомстволар мен әскер түрлерінің белгіленген тапсырмаларды бірлесе орындау тетіктері пысықталады.

23 қыркүйек, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.