Атырау, 23 қыркүйек 12:00
 дождьВ Атырау +19.1
$ 447.85
€ 513.46
₽ 5.31

Су ресурстары және ирригация вице-министрі тағайындалды

61 рет қаралды
Арсен Жақанбаев, сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Арсен Жақанбаев, сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бұл лауазымға Арсен Жақанбаев келді.

Үкімет қаулысымен Жақанбаев Арсен Арманұлы Су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін ол осы ведомствоның Су шаруашылығы комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

Жақанбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Гидрология» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы:

  • «ҚР АШМ Су ресурстары комитеті» ММ «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығы» Суармалы жерлердің мониторингі Алматы бөлімшесінің маманы, Алматы қ. (2010–2011);

  • «ҚР АШМ Су ресурстары комитеті» «Қазсушаруашылығы» РМК Қызылорда филиалының инженер-жобалаушысы (2012–2013);

  • «ҚР ОҚСРМ Су ресурстары комитеті» «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РММ мемлекеттік бақылау және су қорын қорғау бөлімінің жетекші маманы, Қарағанды қ. (2013–2014);

  • Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы, Астана қаласы (2014–2017);

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы (2017–2018);

  • ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитеті Тізбекті су құбырларын дамыту басқармасының басшысы, Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы, Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Астана қаласы (2018–2021);

  • ҚР ЭТРМ Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры, Астана қаласы (09.2021–07.2023);

  • ҚР ЭТРМ Су саясаты департаментінің директоры, Астана қаласы (07.2023–09.2023);

  • ҚР СРИМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Астана қаласы (09.2023–10.2023);

  • ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы, Астана қаласы (11.2023–09.2026).

Бүгін, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.